ШЖҚ "№3 қалалық ауруханасы" МКК

Қазақстан, Шымкент, Амир Темур к-сі, 152
+7 (7252) 26 70 01
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ДӘРІГЕРЛЕР Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ


Бүгін ҚР Президенттігіне ұміткер Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Аманат Партиясы Қаратау ауыдандық филиалы Исфиджап БПҰ төрағасы Нишанбаев Тахирбек Фархадұлы, Шымкент қаласы маслихат депутаттары Сулайманов Лазиз Низамханұлы, Таңатарова Жадыра Нагашибаевна №3 аурухана ұжымымен кездесті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауларында медицина саласына баса мән береді. Сайлауалды бағдарламасында да халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екендігін алға тартып отыр. Сонымен қатар, алдағы жылдары медицина мамандарын даярлау ісі мен профилактикалық жұмыстар қарқын алып, әрбір қалада, аудан орталығы мен ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көбейіп, дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін медицина мамандарының мәртебесі заң жүзінде бекітілмек. Медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұл – Әділетті Қазақстан құруды мақсат еткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоспары. “Әділетті Қазақстанды” қалыптастыру ісін бәріміз бірігіп қана атқара аламыз

Өз кезегінде қалалық аурухана қызметкерлері кандидат Қ.Тоқаевты қолдайтындықтарын айтып, қалалық қоғамдық штабтың үгіт – насихат жұмыстарына сәттілік тіледі.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу