ШЖҚ "№3 қалалық ауруханасы" МКК

Қазақстан, Шымкент, Амир Темур к-сі, 152
+7 (7252) 26 70 01
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№ 3 Қалалық аурухана ұжымы 25- қазан Республика күнін атап өтті.


Салтанатты рәсім мемлекетіміздің ән ұранымен басталып, аурухана бас дәрігері Сарсен Махамбетұлы Пернебековтың ресми құттықтауымен жалғасын тапты, аянбай еңбек етіп жүрген бір қатар аурухана қызметкерлері салтанатты іс-шарада Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Эрназаров Ирисали Шоназарович, Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен акушер гинеколог Шатаева Назира Лесбековна марапатталды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқарма басшысының және аурухана бас дәрігерінің алғыс хаттарымен медицина қызметкерлері марапатталды.

Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мерекенің мәні айрықша. Қазақстан Республикасының тұрақтылығын сақтау, дамыту – баршамыздың міндетіміз. Мызғымас бірлік пен ізгі тірлігіміз арқылы Жаңа Қазақстанды дамытуға атсалыса берейік. Мереке әрбір шаңыраққа қуаныш пен шаттық әкелсін!


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу